"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының А.С.Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Многопрофильная школа-лицей №3 имени А. С. Пушкина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

  

Толығырақ
Қайырымдылық көмек
KZ380704034640473001
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жедел қызметтер 111 Байланыс Орталығы

Қазақстан  Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі  уәкіл  жанындағы

байланыс  орталығы "Шұғыл  қызмет  111»

2007 жылы БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 45-сессиясының ұсынымдарында, әсіресе отбасында, мектепте және басқа да мекемелерде, атап айтқанда, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тәуекел тобына кіретін балалар мен отбасыларға тиісті қолдау көрсету арқылы балаларға қатыгездік пен қадағалаусыздық жағдайлары туралы хабарлаудың тиімді жүйесін әзірлеу және іске асыру қажет екендігі атап өтілді; қатыгездік пен қадағалаусыздықтың құрбандары болған балаларға психологиялық және заң көмегін нығайту; үш саннан тұратын, атап айтқанда үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта тегін тәулік бойы ұлттық көмек желісін құру.

Балалардың құқықтарын бұзуға жедел ден қою, оларды қалпына келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл балаларға тегін негізде шұғыл көмек көрсету жөнінде тәулік бойы сенім телефонын құруға бастама жасады.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі №R16035721 бұйрығымен "111" нөмірі анықталды.

Жоба 2016 жылдың қараша айында ҚР Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен  Қазақстан Республикасындағы  БҰҰ  ЮНИСЕФ Балалар қорымен, Орталық Азиядағы PRI Халықаралық түрме реформасының өкілдігімен және "Қазақстан жастар конгресі" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Қазақстан – бұл МЕН» ұлттық жоба асяында іске қосылды.

Жаңартылған күні: 12.02.2019 11:07
Құрылған күні: 12.02.2019 11:07

Текст