Мүліктік қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме

2026 жылдың 21 қыркүйегінде мектептің әлеуметтік педагогы Л. В. Астапенко мектеп оқушыларында ұрлыққа жол бермеу және басқалардың меншігін құрметтеу туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ қоғам ,мемлекет және басқа адамдар  алдындағы құқықтық және моралдық жауапкершілікті түсіндіру мақсатында 5 "А" сынып оқушыларымен "Мүліктік қылмыстар, оның ішінде ұялы телефон ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілік" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.