Текст
14.01.2026
«А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінде» 11-сынып түлектерімен ҰБТ-ға психологиялық дайындық және емтихан стрессінің алдын алу бойынша психолог сабақтары басталды. «Емтихан алдындағы қорқынышты қалай жеңуге болады» атты практикалық сабақта он бір жылдықтар психологиялық қауіпсіздік бойынша нұсқаулықпен танысып, емтихан стрессі жағдайына эмоционалдық реакция жасау жолдарын бекітіп, ҰБТ рәсімі туралы білімдерін анықтап, емтихан тапсыру және сынақ ҰБТ алдындағы зейін деңгейі мен мінез-құлық тактикасын зерттеді.
