26.01.2026
26 қаңтарда Степногорск қаласының А. С. Пушкин атындағы № 3 көпсалалы мектеп-лицейінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып "Мен өз құқықтарымды білемін! Заңды біл!" тақырыпта сынып сағаттары өтті. "Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасына сәйкес қаңтар заң және тәртіп айы болып белгіленді. Аптаның "Әділдік жолы-Адал жол" дәйексөзі бүкіл мектептің оқу және сабақтан тыс жұмыстарының лейтмотиві ретінде қызмет етеді. Апта сайын оқу аптасының басында "Менің Қазақстаным" іс-шарасы өткізіледі, оқушылар Қазақстан Республикасының әнұранын орындайды. Сондай-ақ, іс-шаралар жоспары бойынша "Заң және тәртіп" желісі аясында "Біз өмірді таңдаймыз" әңгімесі және № 19 қауіпсіздік сабағы өткізілді. Басшының тәрбие жөніндегі орынбасары: Н. Ерещенко.