"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының А.С.Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Многопрофильная школа-лицей №3 имени А. С. Пушкина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

  

Толығырақ
Қайырымдылық көмек
KZ380704034640473001
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

тарих _онкүндігі

03.02.2026

Тарих және қоғамдық-гуманитарлық пәндер декадасы аясында 9 «А» және 9 «Б» сынып оқушылары арасында ашық сыныптан тыс іс-шара — дебаттық турнир өтті. Турнирдің тақырыбы:
«Бұл палата қазіргі жастар болашақта Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жеңе алады деп есептейді».

Іс-шара барысында «Адал ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының жұмысы кеңінен таныстырылды. Әртүрлі сыныптардан құралған екі дебаттық команда бұл тақырыпқа алдын ала дайындалып, қоғам үшін өзекті мәселе бойынша бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарасты ұсынды.

Дебат барысында оқушылар тақырыпты терең меңгергенін, өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғап, сыни ойлау қабілеттерін көрсете білді. Сонымен қатар, олар елдегі сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді жолдарын іздеп, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастырып, Қазақстанның болашағына бейжай қарамайтын, саналы әрі белсенді ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді.

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст