Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мен тарих декадасы аясында 11-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен «Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ интерактивті форматта ұйымдастырылып, жасанды интеллект элементтері мен дебаттық технологиялар кеңінен қолданылды. Бұл сабақтың дәстүрлі сабақ шеңберінен шығып, мазмұнды интеллектуалдық пікірталасқа айналуына мүмкіндік берді. Сабақ барысында «Дана ұрпақ» мектеп дебат клубының жұмысы ерекше көрсетіліп, оқушылар әлемдік мектептік дебат форматы бойынша өз өнерлерін ұсынды.
Алдын ала берілген опережаушы тапсырма аясында оқушылар тақырыпты терең меңгеріп, оны әртүрлі тарихи және идеологиялық қырынан талдады. Өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғап, жоғары білім деңгейін, талдау қабілетін және дамыған сыни ойлау дағдыларын көрсете білді.
Мұндай сабақтар тарихтың тек даталар мен оқиғалар жиынтығы емес, елдің өткенін саралап, болашағын ой елегінен өткізуге мүмкіндік беретін ой мен пікір алмасу алаңы екенін айқын көрсетеді.