Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу
08.04.2026
Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу
Жылы мезгілдің келуімен балалардың терезеден құлап кету қаупі артады. Кейде бірнеше секунд қараусыз қалдырудың өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Есте сақтаңыз:
* Москит торы қауіпсіздік құралы емес — ол баланың салмағын көтермейді
* Балаларды ашық терезе жанында қараусыз қалдырмаңыз
* Терезе маңынан жиһазды алып тастаңыз, бала терезеге шыға алмауы керек
Терезелерге арнайы блокираторлар орнатыңыз!
Бұл – қарапайым әрі тиімді құрал, бала терезені өз бетінше аша алмайды.
Балаларыңызды қорғаңыз — қауіпсіздік қарапайым әрекеттерден басталады.
@112aqmola
Просмотров: 14