17.01.2017ж. А.С.Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінде қалалық әдістеме бірлестігінің жоспары бойынша семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Бағдарлама шеңберінде Президенттік тесті тапсыру дене шынықтыру пәні ерекшеліктерін іске асыру».
Жоспар бойынша екі сабақ берілді, олар дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Куклев Игорь Вадимович пен Султанбеков Мұрат Махметович 7 «А» сыныбында, ұлдар мен қыздар тобына «Президенттік тест тапсыру қажеттігі үшін, қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру » атты сабақ үлгілерін көрсетті.
Келесі сыныптан тыс шараны 4 «Б» сыныбында, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кадралиева Н.А. өткізді. Оқушылар алған білімдерін практика жүзінде пайдаланып, көрсете білді. Мұғалімдер жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып, оқушыны ойлауға, жылдамдыққа, ептілікке, зейінділікке,төзімділікке тәрбиелейтін жаттығулар көрсетті.
Семинар құралған бағдарлама бойынша өтті. Соңында қалалық әдістеме бірлестігінің жетекшісі Александр Алексеевич Алмаев пен әріптестері өткізілген сабақтарға талдау жасап,оң баға берді.